19
Наурыз

«Айналайын, Наурызым, нұрлы көктем» атты этнодуман кеші өтті

19 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалы және Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен «Айналайын, Наурызым, нұрлы көктем» атты этнодуман кеші өтті.

Партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова құттықтау сөз сөйледі. Көпшілікті Ұлыс мерекесімен құттықтап, Наурызнама онкүндігі аясындағы іс-шараларды ұйымдастырып өткізіп келе жатқан кітапхана ұжымына алғыс білдіріп, кітапхана директоры Эльмира Әбдиноваға «Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбековтың Алғыс хатын тапсырды.

19 наурыз – Жаңару күніне арналған этнодуман кешінде қырғыз ағайындардың Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны туралы деректер айтылды. Наурыз бата берілді.