15
Сәуір

Қайнар мен Алғабас ауылдарына игі сапар

15 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Облыс әкімі Берік Уәли, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Заманбекұлы және «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі, Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Әбілмажинов Ермек Төленұлы Қайнар және Алғабас ауылдарына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Қайнар ауылында көктемгі сенбілік өткізіліп, спорт кешені ауласына шырша көшеттері отырғызылды.

Өңір басшысы ауылдағы мектеп, спорт кешені, амбулатория, аурухана, мәдениет үйі сынды нысандарды аралап, жөндеу, жылумен қамту, қазандық қуатын арттыру, аурухана ғимаратына қатысты маңызды мәселелер көтерілді. Барлық көтерілген сұрақтарға толық қолдау көрсетілетіні жеткізілді.

Ауыл ақсақалдарымен кездесуде жер мәселесі, жастарды ауылда тұрақтандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу сынды өзекті мәселелер ашық талқыланды.

Бұл сапар ауылдың дамуына жаңа серпін беріп, келешекте атқарылатын жұмыстарды нақтылау жолында маңызды қадам болды.