19 тамыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттағы партия
фракциясының жетекшісі, Қызылорда облысы бойынша «Каратэ» федерациясының
президенті Қайрат Жомартұлы Боранбаев
Чэнду (Қытай) қаласында өткен 4 жылда бір мәрте өтетін XII Дүниежүзілік
ойындарының Каратеден алғашқы күміс медаль жүлдегері, ең жеңіл 50 келі
салмақта Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай мен оның бапкері Нұржан Ақпанбетті
қабылдады.
Қабылдау барысында жасөспірімдер мен жастарды спортқа баулу, спорттық ойын
алаңдарын көбейту, мектеп жасындағы балаларға спорттық ойын түрлері бойынша әр
түрлі деңгейдегі спартакиядалар мен жарыстарды жиі ұйымдастыру секілді пікірлер
ортаға салынды. Сондай-ақ, каратэден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай XII
Дүниежүзілік ойындарының әсерлі сәттерімен бөлісті.
Кездесу соңында Қайрат Жомартұлы Боранбаев Мөлдір Жаңбырбайға 4 жылда бір
мәрте өтетін XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстанның атын дүние жүзіне паш
еткені үшін алғысын білдірді және «Ақ жол» партиясының спорт жанашыры екендігін
айта келе "Ақ жол" партиясы
мен Қызылорда облыстық Каратэ федерациясы атынан қаржылық сертификатын
табыс етті.


