08
Сәуір

Қайрат Боранбаев тұрақты комиссия отырысына қатысты

8 сәуір 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

Қызылорда облыстық мәслихатындағы "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Жомартұлы Боранбаев «Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия» отырысына қатысты. Күн тәртібінде қаралған төрт мәселенің біреуіне байланысты, яғни облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының есебіне байланысты Ақжолдық депутат Қ. Боранбаев баяндамашыға ауылдық жерлердегі мәдени ошақтарының (клуб) жағдайы, оларды жөндеуге, қайта қалпына келтіруге бөлінген және жұмсалған қаражаттың ашықтығы мен ауыл тұрғындарының мәдени-рухани дамуы үшін жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесі сұралып, осы мәселеге байланысты өз ұсыныстарын жеткізді.