23 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы
партия фракциясының жетекшісі
Қ.Боранбаев облыстық филиал заңгері
Н.Амангелдиевпен бірге Шиелі ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Ж. Жақыпқызымен кездесті.
Кездесуде жеке кәсіпкер ағаш бұйымдарына қатысты мәселені, атап айтқанда,
өздері өңдеп, сатуға шығарып отырған ағаш бұйымдарына Атамекен палатасынан сертификат алу
барысындағы қиындықтарды жеткізді.
Өз кезегінде Қ.Боранбаев мәселеге орай заң аясында түсіндірмелер берді.
