07
Қазан

Қайырбек Баймұратов сайлаушылармен кездесті

7 қазан 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Қайырбек Баймұратов Қызылқоға ауданындағы бірқатар елдімекендерге жұмыс сапарымен барып, Қарабау, Тасшағыл және Қаракөл ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесулер барысында ауыл өміріне қатысты өзекті мәселелер қозғалды.

Қарабауда тұрғындар жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу, жастарды жергілікті мектепке жұмысқа орналастыру, жұмыссыздық және жол бойындағы санитарлық жағдай мәселелерін көтерді. Сондай-ақ ауылда жаңа Дене шынықтыру-спорт кешені құрылысы аяқталып жатқаны қуантады.

Тасшағылда жарық шамдарының сапасыз орнатылуы, тұрғын үйлер құрылысының тоқтауы, жолдардың нашарлығы және такси қызметін реттеу қажеттігі талқыланды.

Қаракөл ауылында тұрғындар ауызсу мен су ағар мәселесін, ескі балабақша орнына жаңа нысан салу қажеттігін, сондай-ақ зейнеткерлерге сауықтыру жолдамаларын жеңілдікпен беру мәселесін көтерді.

Барлық ұсыныс-пікірлер тиісті мекемелерге жолданып, депутаттық бақылауға алынды.