20 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Хабар» телеарнасының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған
республикалық «Азамат» интеллектуалды жобасы — ел жастарының терең білімін,
логикалық ойлауын, тарихи әрі саяси сауаттылығын сынға салатын бірегей алаң.
Бұл — шын мәніндегі ақыл-ой бәсекесі, білімділердің бәйгесі.
Осындай жоғары деңгейлі жобада “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай
облыстық филиалы жанындағы жастар кеңесінің белсенді мүшелері — Серікқазы
Нұрқадір пен Рымқұлов Асылжан өздерінің зияткерлік қабілетін, саяси көзқарасын
және елге деген жауапкершілігін көрсетіп, өңір намысын қорғауда.
Олардың бұл қадамдары — жастардың саясатқа, қоғамдық мәселелерге бейжай
қарамайтынының айқын дәлелі.
Сын сағатта салмақты жауап беріп, ой жарысында озық шыға беріңдер!
Ақылға сене білген ел — алға озар. Жастарымызға сәттілік!
