27
Ақпан

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

27 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» Демпартиясының Абай облыстық филиалы 

 "Ақ жол" демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының қызметкерлері Абай атындағы облыстық кітапханада қаламыздағы әртүрлі сала мамандарымен кездесу өтті.


Кездесу барысында филиал төрағасының орынбасары М.Тлегенұлы "Ақ жол" партиясының атқарып жатқан жұмыстарын таныстырып, келелі мәселелер туралы сөз қозғады.


Сонымен қатар, кітапхана ұжымы да алдағы уақытта "Ақ жол" партиясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаратындарын жеткізді.


Партия мүшелері кітапхана қорына "Ақ жол" партиясының ұйымдастыруымен өтетін «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық дәстүрлі байқауының жинағын және Алаш идеясын насихаттауға бағытталған ұжымдық басылымды сыйға тартты.