05
Қараша

"ALASH АРЫСТАРЫ" атты оқырмандар сайысының жеңімпаздары марапатталды

5 қараша 2020 жыл, "Ақ жол" партиясының Павлодар облыстық филиалы

Бүгін Екібастұз қаласы және Солнечный кентінде Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен "ALASH АРЫСТАРЫ" атты оқырмандар сайысының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.

Сайысқа қатысушылар Алаш қайраткерлері Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Сәбит Дөнентай, Жүсіпбек Аймауыттың шығармаларынан мәнерлеп оқыған бейнежазбаларын жолдады.
Байқау талаптарына сай келген барлық бейнежазба филиалдың әлеуметтік парақшаларында жарияланып, көрерменге ұсынылды.

Ал, жеңімпаздар арнайы құрылған қазылар алқасының бағасымен анықталды.

Аталмыш байқауға Екібастұз қаласынан қатысушылар көп болды.

  • Бұл байқауды ұйымдастырудағы мақсатымыз Қазақ Республикасының 100 жылдығы және Алаш арыстарының шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың санасына сіңіру. Сондай-ақ қоғамның рухани құндылығын арттыру, - деді партия мүшесі Жанат Ибраев.

Жүзден жүйрік деп танылған оқушыларға "Ақ жол" партиясының Павлодар облыстық филиалы атынан арнайы дипломдар мен алғыс хаттарды облыстық кеңес мүшесі Қайролла Абельбеисов және партия мүшелері Жанат Ибраев және Павел Ярошенко табыстады.

Салтанатты жиын барлық санитарлық нормаларды сақтап, ашық аспан астында өткізілді.