Алаш идеялары жетісу жерінде жаңғырды /Мәди Ислам/ - Казак унi (Алматы)
Жақында Талдықорған қаласы Тіл сарайы ғимаратының мәжіліс залында «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ақ жол» партиясының 2015-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының қеңес мүшелері, партия белсенділері, студенттер мен оқушылар, қала тұрғындары қатысты. «Ақ жол»партиясы Алматы облыстық филиалының төрайымы Майраш Шынасылова «Ақ жол» партиясының 2015-2020 жылдарға арналған «Алаш қозғалысы қайраткерлерінің идеялық қөзқарастарын зерттеу және тарату» жөніндегі бағдарламасының маңызы мен міндетіне жан-жақты тоқталды.
Күн тәртібіне сәйкес І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының оқытушысы, магистр Олжас Тұрсынбеков «Жетісулық Алаш зиялылары -«Верный» ерлер гимназиясында» атты тақырыпта баяндама оқыды. Жиын барысында PhD доктор Асқар Мамырбеков Түркия жерінде жарық көрген Алаш қайраткерлері жөніндегі еңбектеріне тоқталып, қызықты мағлұматтарды ұсынды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің 3-курс студентті Айжан Ахметханова «Алаш зиялыларының қазақ қоғамындағы орны» тақырыбында ғылыми ізденісін баяндаса, дөңгелек үстел жиналысына қатысқан М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Ақерке Шеңгелбаева «Мұхаметжан Тынышбаев - қазақтың түңғыш инженері» тақырыбын өрбітті. Дөңгелек үстел жиналысына қатысқан партия белсенділері студенттер мен оқушылар «XX ғасыр Алаш қозғалысы қайраткерлерінің идеялық қөзқарастарын зерттеу және тарату» жөніндегі ақжолдықтардың игі бастамасын қолдай отырып, өз көзқарастары мен тың ұсыныстарын да ортаға салды. Жиын соңында партия белсенділері бірауыздан «Алаш қозғалысы қайраткерлерінің идеялық қөзқарастарын зерттеу және тарату» жөніндегі іс-шаралар алдағы уақытта әлі де жиі өткізіліп, жақсы іс жалғасын табатындығына сенім білдірді.
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 11 (670), 17.03.2015