25 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалы
Биыл 25 сәуір күні «Ақ жол» партиясы Павлодар филиалының ұйымдастырумен Павлодар қаласы Орталық қалалық кітапханасында «Алаш» партиясының 105 жылдығына арналған «Алаш идеясы – біртұтас қазақ идеясы» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға Павлодар қаласының ЖОББМ-ның тарих пәні мұғалімдері қатысты. Ойталқыда Алаш қайраткерлерінің мұрасын орта мектептерде қалай оқыту керек деген мәселені ортаға салды.
Сонымен қатар "Ақ жол" партиясы жыл сайын өткізіп келе жатқан "ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы" жалпыұлттық байқауына үміткер даярлау мәселесі де айтылып, «Ақ жол» партиясы павлодар облыстық филиалының төрағасы Фуат Сайдахметұлы шараға қатысты сұрақтарға жауап беріп өтті.
Мұғалімдер бірқатар ұсыныс айтты. Оның ішінде орта мектеп бағдарламасында "Алаштану" пәнін енгізу, орыс мектептерін қамтып байқаулар өткізу, т.б. болды.
Шара соңында «Алаш қозғалысы» туралы қысқаша мәлімет беріліп, алдағы уақытта осы сынды жиындарды көптеп өткізу туралы айтылды.