29 қыркүйек 2020 жыл, “Ақ жол” партиясының Жамбыл облыстық филиалы
Бүгін «Алаштың ұлттық идеологиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Отырысқа мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар6 үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуде «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының өкілдері Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастыру, еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құруы туралы өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі. Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясын алып келді және қазақтың оқыған, саяси орталықтарда білім алған, мемлекет құрылысын қалыптастыру жөн-жосығын білетін ұлт зиялыларының бастары бірігіп, халықты оята білді.
Кездесу соңында ұсыныстар талқыланып, партияның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қошмамбетов Асан Ануарұлы қорытынды сөз сөйлеп, көтерілген мәселелерді түйіндеді.