4 қазан 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Ұлытау облысы бойынша ҚДП “Ақ жол” партиясының облыстық мәслихат депутаты
Ақылбек Аманов тұрғындармен кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған бірқатар маңызды
мәселелерді көтерді:
· Газ тарифтері:
тұрғындар соңғы бір жыл ішінде облыста газ бағасы үш рет көтерілгенін айтып,
халыққа ауыр салмақ түсіріп отырғанын жеткізді.
· Білім саласы:
колледжді бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына түсу тәртібі мен жеңілдіктері
жайлы сұрақтар қойылды.
· Әлеуметтік мәселе:
Шымкенттен қоныс аударған азамат өзінің қарт анасын бірге алып келгенін, алайда
ол кісі арбаға таңылғанына қарамастан мүгедектік мәртебе берілмегенін айтып, әлеуметтік
қолдау тетіктері бойынша көмек сұрады.
Ақылбек Аманов барлық өтініштерді мұқият тыңдап, әрбір мәселе бойынша
түсініктемелер берді. Тұрғындардың көтерген сұрақтары хаттамаға енгізіліп,
тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолдау жоспарланды.
“Ақ жол” партиясы әрқашан халықтың үнін билікке жеткізіп, әділ шешім
қабылдануына ықпал етуге дайын.
Қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

