02
Қыркүйек

Ақылбек Аманов Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Әбенмен кездесті

2 қыркүйек 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» филиалының облыстық мәслихат депутаты, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақылбек Аманов Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Әбенмен кездесті.

Кездесу барысында Жезқазған қаласы мен оның төңірегіндегі ескерткіштердің ескіріп, жаңартуды қажет ететіндігі жөнінде мәселе көтерілді. Ақылбек Аманов ардагерлердің бастамасымен және өз қаражаттары есебінен ескерткіштерді жаңарту жөнінде ұсыныс білдірді.

Өз кезегінде Берік Әбен қазіргі уақытта бұл бағытта тендерлік рәсімдер жүріп жатқанын, конкурс нәтижесінде үздік жоба таңдалып, жыл соңына дейін жұмыстар басталатынын атап өтті.

Тараптар ескерткіштерді жаңарту мәселесін бірлесіп шешуге уағдаласты.