16
Қыркүйек

Алдағы референдум қарсаңында АЭС салуды қолдау бойынша Жамбыл облысы Байзақ аудандық емхана ұжымымен кездесу өтті

16 қыркүйек 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

АЭС салуды қолдау бойынша Байзақ аудандық халықтық штаб мүшесі, аудандық мәслихатқа «Ақ жол» партиясынан сайланған Ләйлә Бесбаева штаб мүшелерімен бірге аудандық емхана ұжымымен кездесу өткізді.

Жиынды емхана бас дәрігерінің орынбасары Мырзағали Мадимаров ашып жүргізіп отырды. Кездесуде штаб мүшелері республикалық референдум қарсаңында осы тарихи оқиғаның маңыздылығы мен АЭС құрылысы мен атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы жеткізді.

Дәл осындай жиын Дихан ауылдық клубында өтті.

«АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Дихан ауылының тұрғындарымен кездестік. Кездесуде 6 қазан күні өтетін жалпыұлттық референдумның маңызы жайлы айтып, елдегі, жалпы жаһандағы энергия тапшылығы мәселесін қозғадық», - дейді Ләйлә Бесбаева.