Allur Group тобы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев Қазақстанда автомобиль өндірісін локализациялауды тереңдету және шағын түйінді жинақтауға көшу жөніндегі біздің ұстанымымызды қолдайтынын хабарлады:
«Құрметті Азат Тұрлыбекұлы!
Сіздің автомобиль өнеркәсібінде локализациялауды арттыру жөніндегі бастамаңызды толығымен қолдаймыз.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қазіргі уақытта локализацияны арттыру жүйесін, оның ішінде CKD үлгілерін әзірлеп жатқаны белгілі. Жергілікті қамту үлесін ұлғайту, құрамдас бөліктерді шығару және жалпы көлемді біріктіру туралы бастама көтерген «НУХ «Бәйтерек» АҚ қатысын атап өткім келеді.
Келесі аптада Қазақстанға Kia Corporation компаниясының мамандары келіп, республикада қосалқы бөлшектер өндірісін дамыту бойынша ұсыныстар жасамақ. Онда осы бағыттағы нақты шаралар, уақыт кезеңіндегі локализациялау үлесінің пайыздық графигін таныстырылады.
Өндірілетін өнімнің кем дегенде 50 пайызын локализациялау барлық зауыттарда жүргізілуі керек екенін атап өткім келеді.
Азат Тұрлыбекұлы, сізбен бұған дейін шағын және орта бизнесті автомобиль саласына тартудың маңыздылығын талқылаған едік. Осы істі жүзеге асыру үшін бүгінде Allur Қостанайда оокализация кластерінің құрылысын дайындап жатыр, оған ниет білдіргендердің барлығын аз инвестициямен осы салада өзін сынап көруге шақырамыз. Бұл жұмысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе атқарып жатырмыз.
Компоненттік базадан бөлек, штамптау өндірісін ұйымдастыру міндетті болып табылады. Онсыз General Motors та, Kia Corporation да бірлескен жұмыстың болашағын көрмейді. Соңғысы, атап өту керек, Қазақстанда локализация ісі негізгі басымдығы болып табылатын зауыт ашпақ.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сізді Қостанайдағы өндірісімізге шақырғым келеді. Сізге Kia-ның жаңа өндіріс желісін көрсетіп, жаңа өндірістік қуаттар бойынша жоспарларымызды таныстырып, автокөлік компоненттерін локализациялау орталығының екінші жобасымен қуана таныстыруға дайынбыз.
Құрметпен,
Allur компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы
Андрей Лаврентьев