9 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы
Делегация құрамында “Ақ жол” партиясының белсенді жас мүшесі Бақытжан
Жұмағалиұлыда бар.
- Астана қаласына жасаған сапарымыз әр қадамы — тарихпен үндескен жол болды
деп айта аламын. Себебі мақсатымызда, сессиямызда өткен мен болашақты жалғайтын
рухани мүддені көздеген едік. Сапарымыз тарих тағылымына сүңгіген маңызды қадам болды. Алдымызда шаң басқан
архивтерді ақтарып, ұрпаққа беймәлім ақтаңдақ мағұламаттар ұсына отырып,
Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының
еңбектерін саралайтын боламыз, - деді Бақытжан Жұмағалиұлы.
Аталған сапар аясында қордың өкілдері Жәнібек Қожық, Болат Қармысов, Әділ
Сүйебай, Бақытжан Жұмағалиұлы ҚР Президент архивінің басшысы Әлия
Құсайынқызының, ҚР Мәжіліс депутаты Еділ Терекбайұлының, ҚР Сенат депутаты Бекбол Тілеумұратұлының, ҚР
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, сондай-ақ, ҚР Мәдениет және
ақпарат министрі Айда Ғалымқызының жеке қабылдауында болып, келіссөздер
жүргізді.
Кездесулер барысында Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының мұрасын зерттеуге,
құжаттарын насихаттауға қолдау тауып, нақты тапсырмалар айтылды.