03
Мамыр

Алмалыбақ ауылында «Ақ жол» партиясының бастамасымен сенбілік ұйымдастырылды

3 мамыр 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылына “Ақ жол” демпартиясының Алматы облыстық филиалының қызметкерлері және “Ақ жол” демпартиясының ұсынысымен депутат болған әріптестеріміз атап айтсақ: Алматы облыстық маслихат депутаты Горяной С, Балхаш ауданы маслихатының депутаты Нұртаев Қ, Іле ауданы маслихат депутаты Ботанбеков О, Іле ауданың Қоғамдық кеңес мүшесі (Ақ жол демпартиясының Алматы облыстық филиалының ұсынысымен сайланған) Бармашиков Д және осы іс шараны  қолдап келген ауыл тұрғындары қатысып 4 га  көлеміңдегі “Д. Қонаев” атындағы саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізді. “Таза Қазақстан” сеңбіліктері аясыңда өткен бұл іс шара әрі қарайда филиал тарапынан жалғасын табатынына сенімдіміз. 1960 жылдары “Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының”  қызметкерлерімен 4 га жерге бірінші ағаштары отырғызылған. Тазалық бар жерде тәртіп болар деген үмітпен еліміздің әр бір жерін аялап тазалықта ұстайық.