04
Мамыр

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округі әкімін сайлау өтті

4 мамыр 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округі әкімін сайлауы өтті. Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясы филиалының байқаушылары Сайлау процессін бақылады. 2 заң бұзушылық актісі толтырылып облыстық сайлау комиссиясына және аудандық Сайлау комиссиясына байқаушылар атынан жіберілді. 1 Сайлау комиссия мүшесі сайлау процессінен босатылып акт толтырылды. Біздің партиядан бұл сайлауға кандидат түскен жоқ, бірақ біз саяси партия филиалы ретінде өз құқығымызды пайдаландық. Осы сайлауға қатысқан байқаушыларымызға үлкен рахметімізді айтамыз. 12220 сайлаушылары бар ауылдық округ. Алмалыбақ, Жалпақсай, Көлді, Мерей ауылдары бар. Сайлаушылардың басым бөлігі сайлауға келмеді десек артық айтпаймыз. 4500 тұрғыны бар ауылдан 120 сайлаушы ғана келген. Бірақ осыған қарамастан сайлау комиссиясы басқа мәліметтер берген. Осындай заң бұзушылықтар біздерді әрдайым алаңдатады.