14
Ақпан

Алматы облысында партия белсендісі Олжас Ботабеков марапатталды

14 ақпан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Бүгін 14 ақпан 2024 жылы Алматы облыстық филиалында Төтенше жағдай министрлігінен келген “Алғыс хатты” Іле ауданының маслихат депутаты, партиямыздың белсенді мүшесі, кәсіпкер Ботабеков Олжас Төкенұлына табысталды. Олжас Төкенұлы былтырғы елімізде болған су тасқыны кезінде зардап шеккен ауылдарға қаржылай көмек көрсеткен еді. Олжас Төкенұлына алдағы уақытта еңбегіне табыс тілеп министрліктен келген хатты Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясының филиал басшысы Шынасылова М. табыс етті. Ботабеков О.Т “Ақ жол” демпартиясының   Ұлттық Кеңесі тарапынан дайындалған “QAZAG REPUBLIC” төс белгісі тағылды. Бір топ партия белсенділері әріптестеріне құрмет көрсетіп іс шараға қатысты. Сонымен қатар бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынан Сайлау комиссиясының төрағасы келіп партия тарапынан аудандық Сайлау комиссиясына партиядан мүшелікке өткен белсенді азаматтарымыздың тізімін талқылап, құжаттары бекітілді.