15
Наурыз

Алматыда депутат Азат Перуашев дауыс берді - qazaqstan.tv

https://qazaqstan.tv/news/224843

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев та Алматыдағы референдум учаскелерінің біріне барып, дауыс берді.

«Ақ жол» партиясының төрағасына өз таңдауын жасау үшін аздап кезекте тұруына тура келген. Ол азаматтардың өз таңдауларын жасауы өте маңызды екеніне тоқталды.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Саяси науқанға бей-жай қарамайтын азамат ретінде бүгін өзімнің таңдауымды жасадым. Шыны керек, ел болашағы үшін халықтың өз таңдауын жасауға белсенді қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын.