15 маусым 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында өткен «Алтай – түркі әлемінің
алтын бесігі» атты халықаралық фестивальге «Ақ жол» демократиялық партиясының
өкілдері мен ШҚО филиалының мүшелері қатысты.
Мәдени шара барысында этноауыл бой көтеріп, ұлттық салт-дәстүр кеңінен
насихатталды. Қонақтар қолөнер бұйымдарын тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм
татты. Көкпар мен аламан бәйге сияқты дәстүрлі спорт түрлері де ерекше
қызығушылық тудырды.
Фестиваль рухани тұтастық пен тарихи сабақтастықты дәріптеп, түркі
халықтарының ортақ құндылықтарын айшықтады.
«Ақ жол» партиясының мүшелері үшін бұл – тек мәдени шараға қатысу ғана
емес, сондай-ақ ұлттық мұра мен бірегейлікті сақтау жолында атқарылар істің бір
көрінісі.
Шараға 11 елдің өнерпаздары қатысып, түркі музыкасының жауһарларын ұсынып,
Берел қорғанынан табылған қасиетті Штандарт таныстырылды.
Мерекені еліміздің танымал әртістері мен эстрада жұлдыздары қорытындылап,
фестиваль көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.