29
Мамыр

Ақманат Төлегенова «Белсенді жастар-болашақ кепілі» тақырыбында қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өткен кездесуіне қатысты

29 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты Ақманат Мұратқызы Төлегенова мәслихатағы әріптестерімен, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жауапты өкілдері мен бірнеше қоғамдық ұйым жетекшілері қатысқан «Қазақстан-балалары» бағдарламасы аясында «Белсенді жастар-болашақ кепілі» тақырыбында қала мектептерінің белсенді оқушыларымен қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өткен кездесуіне қатысты.

Басты мақсат -  депутаттар мен аймақтың белсенді оқушылары арасында байланыс орнату, жастардың көшбасшылық қабілетін дамыту, қоғамдық белсенділікке баулу, тікелей пікір алмасу алаңын қалыптастыру.

Кездесу барысында Ақманат Мұратқызы оқушылармен еркін пікір алмасып, бірлесе отырып постерлер, бірнеше маңызды тақырыптар бойынша жобалық жұмыстар қорғады.

Кездесу соңында белсенділік танытқан оқушылар қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаевтың Алғыс хатымен марапатталды.