04
Шілде

Ақманат Төлегенова Берлинде өтіп жатқан Глобалды дүниежүзілік әйелдер саммитіне қатысуда

4 шілде 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты, Қызылорда облысы бойынша "Әйелдер күші Альянсы" төрайымының орынбасары Ақманат Төлегенова Берлинде өтіп жатқан Глобалды дүниежүзілік әйелдер саммитіне қатысуда.

Саммитте әлемнің 60 елінен келген әйелдер бас қосып, қоғамдағы әйелдердің орны, отбасындағы жауапкершілігі, бала тәрбиесіндегі рөлі және әйел көшбасшылығы тақырыптарында тәжірибе бөлісіп, маңызды мәселелерді талқылауда.