29 қыркүйек 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы
депутаты Ақманат Мұратқызы Төлегенова
Әйелдер күші Альянсындағы «Әйел әсері» жобасының кезекті кездесуіне қатысты. Оған облыстағы
кәсіпкер қыз-келіншектер мен партия өкілдері қатысты. Ақманат Мұратқызы Төлегенова өз кезегінде
аталған тақырыпқа қатысты "Ақ жол" партиясының кәсіпкерлердің
мүддесін қорғайтын партия болғандықтан қоғамда кәсіпкер әйелдердің рөлін
арттырып, олардың қоғамдағы ықпалы мен көшбасшылығын нығайтуды қолдайтындығын
жеткізді.

