28 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы дептутаты Ақманат
Мұратқызы Төлегенова "Қызылорда облысы бойынша әйелдер күші Альянсы"
қоғамдық бірлестігінде Астанадағы
Ұлыбритания Елшілігінің бірінші хатшысы Кэти Коттрелл ханыммен өткен кездесуге
қатысты.
Кездесу барысында гендерлік теңдік саясаты аясындағы әйелдердің мүмкіндіктерін дамыту, отбасы мәртебесін
көтеру, әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықпен күресу, жалпы адамзаттық
құндылықтарды сақтау мәселелері туралы пікір алмасу болды.
Сондай-ақ, облысымызда әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселесіне де ерекше
назар аударылды.
