30
Қыркүйек

Ақманат Төлегенова Нұржан Ахатовтың қатысуымен өткен қалалық мәслихатының кезекті XXXXII сессиясына қатысты

30 қыркүйек 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты Ақманат Мұратқызы Төлегенова Қызылорда қалаласы әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен өткен қалалық мәслихатының кезекті XXXXII сессиясында өзі сайланған Тасбөгет кентіне қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, жолдарды жөндеу, кенттегі биологиялық тазарту станциясын көшіру және жаңа емхана салу мәселелерін жеткізді. Қала әкімі Нұржан Ахатов бұл сұрақтардың алдағы уақытта өз шешімін табатындығын айтты.

Сессияға дейін Ақманат Мұратқызы әріптестерімен бірге қалада атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, бірнеше нысандарды аралаған болатын.