4 сәуір 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты
Ақманат Төлегенова өзі сайланған Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесіп,
олардың баспанаға қатысты өтініштерін тыңдады.
Тұрғындар өздерінің ескі, тозығы жетіп сүрілген үйлерінің орнына мемлекет
тарапынан берілген жаңа пәтерлердің дұрыс бөлінбегендігін, яғни ескі үйде 3
бөлмелі пәтерде тұрған тұрғындарға (қарт ата-анасы мен бірнеше баласы бар
отбасыға) жаңа үйден 2 бөлмелі пәтер бірілгендігіне шағымданды.
Ақжолдық депутат Ақманат Төлегенова тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап,
жағдайды заң аясында құзырлы органдармен және жауапты мекемелермен бірге
талқылап, мәселенің шешілу жолдарын
қарастыратындығын жеткізді.