4 наурыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
Қызылорда қалалық мәслихатындағы "Ақ жол" фракциясының мүшесі,
депутат Ақманат Төлегенова өзі сайланған Тасбөгет кентіндегі №4 қалалық
емханаға арнайы барып, дәрігерлермен кездесіп, жұмыс барысымен танысып,
медициналық қызметкерлер мен емделушілердің
ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Бас дәрігердің міндетін атқарушы – Ұ.Санаққызы ғимараттың ескі екендігін
атап өтті. Дегенмен, емделушілерге ыңғайлы жағдай жасау үшін қосымша кабинеттер
ашылғандығын, бірақ-та қаржы жетіспеушілігінен кейбір бөлімдер әлі де
медициналық құрал-жабдықтармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмегендігін
айтты.
Сондай-ақ, "Ана мен бала
денсаулығын қорғау" жөніндегі емхана бас дәрігерінің орынбасары
Н.Жанайқызы білікті мамандар тапшылығының
біртіндеп шешіліп жатқандығын атап өтті. Сонымен бірге кент тұрғындары
да емхана туралы өз ой-пікірлерін жеткізді.
Депутат А.Төлегенова аталған емхана мәселесі бойынша жауапты және құзырлы
органдермен бірлесіп мәселенің оң
бағытта шешілуі бойынша жұмыс жасайтындығын жеткізді.