5 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты А.
Төлегенова мәслихаттың коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы,
ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
отырысына арнайы қатысты.
Тұрақты комиссияның күн тәртібіндегі «Қала аумағындағы қоғамдық көлік
қатынасы және жолаушылар тасымалдауда сапалы қызмет көрсету туралы» мәселелесін
зерделеу мақсатында А.Төлегенова
депутаттармен бірге «Қызылорда
автобус паркі» ЖШС болып, жолаушылар тасымалын жүзеге асыру барысымен танысып,
ұсыныс-пікірлер берді.
Атап айтқанда:
-өзі сайланған қалалық №21 сайлау округіне қатысты Тасбөгет кентінің Амангелді, Баймағамбетов,
Молдағұлова, Сапарбаев, Қосжанов, Сейтпенбетов көшелеріне аялдама белгілерін
орнату және М. Шоқай, Баймағамбетов, Сапарбаев көшелерінің аяғы мен Есенов
көшелерін жөндеу;
-жолаушылардың төлем жасау тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық
көліктерге Wi-Fi қондырғысын орнату, қолма-қол алынатын (оқушылардан 40 теңге,
ересектерден 130 теңге) төлемақылардың көлеңкелі айналымға түспеуін қатаң
қадағалау туралы ұсыныстарын білдірді.


