19 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
2025 жылдың 19 мамыры күні "Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық
мәслихатындағы депутаты Ақманат Төлегенова қоғамдық қабылдауға келген Арай
мөлтек ауданы «Механизатор-1» бау-бақша серіктестігінің тұрғыны Станислав
Викторович Климковичтің аяқ судың дұрыс жеткізілмеуіне байланысты шағымына
сәйкес мән-жайды нақтылау мақсатында депутат Раушан Ыскаковамен бірге аталған
мөлтек аудан аумағына барып, жағдайды көзбен көріп, олқылықтарды зерттеп қайтты.
Тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуды басты назарға алған депутат
А.Төлегенова тұрғындарға орын алған мәселені тиісті мекемелерге жеткізіп, заң
аясында шешу жолдарын қарастыратын жеткізді.

