7 сәуір 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты
Ақманат Мұратқызы Төлегенова бекітілген кестеге сәйкес қалалық мәслихат
ғимаратында азаматтарға жеке қабылдау
өткізді.
Қабылдауға келген қала тұрғындары:
- Сарсенбаева Айжан – тұрғын үй мәселесін;
- Данаев Қанат – 2-топ мүгедегі ретінде қажетті дәрі-дәрмектердің тапшылығы
мен мемлекеттік қолдау алу қиындықтарын;
- Аяғанов Кенішбай – өзі көру қабілетінен айырылғанымен де Соқырлар қоғамы
басшысының көмекшісі болып еңбек етіп жүргенін айтып, аталған саладағы
түйткілді мәселелерді айтты.
Барлық айтылған мәселер Ақжолдық
депутат А.Төлегенова тарапынан назарға алынып, жауапты мекемелермен тиісті
жұмыстар жүргізіліп, оларды заң аясында оңтайлы шешу жолдары қарастырылатын
болады.