22
Қыркүйек

Ақманат Төлегенова тұрғындардың өтініші бойынша «Жібек жолы» каналынан бастау алатын «Арай» каналына барды

22 қыркүйек 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты Ақманат Мұратқызы Төлегенова  қабылдауына келген қала тұрғынының аяқ суға  байланысты көтерген мәселесін өз көзімен көріп, тиісті шешім қабылдау мақсатында тұрғынмен бірге «Жібек жолы»  каналынан  бастау алатын «Арай» каналына барды.

«Арай» тұрғын ауданы, «Механизатор» бау-бақшасына аяқ судың дұрыс жеткізілмеуіне байланысты биылғы жылдың 19 мамыры күні мәселені көтеріп, тиісті мекемелерге берілген ұсыныстарға сәйкес каналды, аяқ су өткізгіш құбырларды тазалау т.б жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар аумақтар аяқ сумен қамтылған болатын.

Алайда, аяқ су қысымының төмендігінен бау-бақшаға толық  көлемде аяқ судың жетіспейтіндігі анықталып, нәтижесінде аяқ су құбырын ауыстыру керектігі анықталды.  А.Төлегегова өз тарапынан аталған жұмыстарға бюджеттен қаражат бөліну бойынша  жұмыс жасайтындығын жеткізді.