11
Қазан

Ақманат Төлегенова Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңінің салтанатты ашылу шарасына қатысты

11 қазан 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаты Ақманат Мұратқызы  Төлегенова бүгін Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңінің салтанатты ашылу шарасына қатысты және “Таза Қазақстан” акциясы аясында Қорқыт ата саябағында тал егіп, қаланың көркейіп, көгалдануына өз үлесін қосты.