03
Сәуір

Ақмарал Мақсұтқызы бизнес өкілдерімен өткізілген кездесуге қатысты

3 сәуір 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясы Қызылорда облыстық филиалының белсенді мүшесі "Қызылорда облысы бойынша  қоғамдық тамақтану ассоциациясы"  бірлестігінің төрайымы Ақмарал Мақсұтқызы Абдразакова  Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бизнес өкілдерімен өткізген кездесуіне қатысты.

Кездесуде А.Абдразақова  "Қызылорда су жүйесі" МКК-сінің қоғамдық тамақтану орындарына келісім шарт жасамастан, су құрамына химиялық талдау жүргізуге негізсіз төлем төлетуді талап етіп отырғандығы туралы мәселені көтерді.

Облыс әкімі құзырлы органдарға мәселені нақтылау бойынша тапсырма берді.