17 ақпан 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
«Kazakhstan AmCorners Network» қоғамдық бірлестігі, Қазақстандағы АҚШ
Дипломатиялық Миссиясының қолдауымен және Павлодар қаласындағы American Corner
Pavlodar кеңістігі аясында өтіп жатқан “American Corner Cup 2025” пікірсайыс
турнирінде еліміздің болашағы жарқын жастарын мақтан тұтамыз!
32 команда ішінен "Ақ жол" партиясының Абай облыстық филиалының
жастар кеңесінің мүшелері – Серікқазы Нұрқадір, Акабай Мадина, Сәрсен Жанерке
өздерінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, брэйк жасады. Бұл үлкен жетістік,
оларға табыс пен сәттілік тілейміз!
Болашақта да жаңа белестерді бағындырып, елімізді мақтан тұтатын
жетістіктерге қол жеткізсін!