27
Ақпан

**Ақмола облысы Щучинск қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту**

https://t.me/peruash/15336

Баспасөздің хабарлауынша, кеше Щучинск қаласында (Ақмола облысы) болған апат салдарынан 7 адам қаза тауып, 26 адам зардап шекті, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды. Сұмдық трагедия.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы және өз атымнан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Иманды болсын, арты қайырлы болғай.
Барлық зардап шеккен жандарға тезірек сауығып кетулерін тілейміз, осы сынақты еңсеруге күш-жігер мен сабыр берсін.

Адамдарды құтқарып, жанып жатқан ғимараттан тағы бірнеше газ баллонын алып шығып, осылайша жаңа жарылыстар мен адам шығынының алдын алған азаматтар мен өрт сөндірушілердің ерлігін атап өткеніміз де жөн.

Қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына ауыр сезіммен көңіл айтамыз, Алла сабыр берсін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын.
Қасиетті Рамазан айында көз жұмған адамдардың жаны жәннаттық болсын.