25
Қыркүйек

Ан Елена Юрьевнаның ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы "Евразия" спорт кешенінде жүзуден жарыс өтті

25 қыркүйек 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы  Қызылорда облыстық филиалы Кеңесінің мүшесі, Қызылорда облыстық Корей қауымдастығының төрайымы Ан Елена Юрьевнаның ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы "Евразия" спорт кешенінде жүзуден жарыс өтті. Бұндай спорттық шаралар азаматтарды салауатты өмір салтына баулиды. Өскелең жасөсіпірімдердің спортқа деген сүйіспеншіліктерін артып, ерік-мінезін қалыптастырады.