06
Наурыз

Аналар мен аруларға арналған ән байқауы өтті

6 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова облыстық Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінде өткен ән байқауына қатысты.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар аналар мен аруларға арналған әндерді шырқап, сынға түсті. Әділ қазылар алқасының құрамында жас жеткіншектердің өнеріне төрелік еткен Сейсекүл Дүйсебайқызы дарынды балалардың байқауға жақсы дайындықпен келгенін айтады.

Жеке орындаушылар және балалар хоры бағытында қатысушылардың өнері бөлек бағаланды. Байқау соңы жеңімпаздар мен жүлдегерлердің гала концертіне ұласты.