04
Сәуір

Қанат Ибраев коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану мәселелерін талқылады

4 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

Астана қаласы мәслихатының депутаты Ибраев Қанат Сұлтанұлы коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.

Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Ақ жол» ҚДП мүшесі Ибраев Қанат Сұлтанұлы коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану мәселелері аясында «Astana Venue Management» ЖШС басқаруындағы нысандар – Бейбітшілік және келісім сарайы мен «Бәйтерек» монументіне барды.

Кездесу барысында депутат 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сенімгерлік басқаруға берілген серіктестіктің қазіргі жұмысымен танысты. Негізгі мақсат – нысандарды тиімді пайдалану, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ жергілікті бюджетке жүктемені кезең-кезеңімен азайту.

Ерекше назар бос алаңдарды коммерцияландыру мәселесіне аударылды. Бүгінде жалға берілген орындардың үлесі 90%-ға жеткен, ал жалдау мен іс-шаралардан түскен табыс нысандарды ұстау шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беруде. Атап айтқанда, «Бәйтерек» монументі бүгінде өзін-өзі толықтай ақтайтын нысанға айналды.