14 наурыз 2025 жыл, Астана қалалық филиалы
2025 жылғы 12-15 наурыз аралығында Астанада Ресей Федерациясының Пенза
облысынан ресми делегация сапармен болуда. Сапар аясында «Ақ жол» фракциясының
өкілі, Астана қаласы мәслихатының депутаты Қанат Сұлтанұлы Ибраевпен кездесу
өтті.
Кездесу барысында Астана мен Пенза облысы арасындағы екіжақты ынтымақтастық
мәселелері, әсіресе сауда, өнеркәсіп және сыртқы экономикалық қызмет
салаларындағы байланыстар талқыланды. Делегацияны Пенза облысы Үкіметі
Төрағасының орынбасары Алмаз Хакимов бастап келді. Құрамында жиһаз өндірісі мен
ағаш өңдеу саласындағы бизнес өкілдері болды.
Кездесуде бизнесті қолдау механизмі, логистика мәселелері және бірлескен
жобаларды іске асыру перспективалары қаралды. Пенза облысының өкілдері өз
өнімдерін Қазақстан нарығына кеңінен жеткізуге және жергілікті компаниялармен
ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға қызығушылық білдірді.
Делегация сапары Астана қаласы әкімдігі мен бизнес-қауымдастық өкілдерімен
бірқатар келіссөздер мен кездесулер өткізумен жалғасады. Бұл екіжақты
әріптестікті дамыту бойынша нақты қадамдарды талқылауға мүмкіндік береді.