1 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты
Қанат Көшербаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жас
жеткіншектерге тарту жасап, тегін балмұздақ таратты.
«Айша сервис» орталығының алдында өткен мерекелік іс-шараға Мойынқұм
аудандық мәслихатының төрағасы Нұртас Саурықов, аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің басшысы Мәлік Мұқашев, ауыл әкімі Рүстем Тұрарқұл қатысты.
Қонақтар балаларға ақ тілектерін айтып, жас жеткіншектерге қуаныш сыйлаған
ақжолдық депутатқа ризашылықтарын жеткізді.
Ақжолдық депутат жыл сайын балалар мерекесінде осындай игі іс-шара өткізіп
отыруды дәстүрге айналдырған. Осыдан хабардар ауыл тұрғындары ертеңмен
балаларын ертіп, орталық маңына жиналды. Мерекелік іс-шараға жиналған
балалардың қатары көп болды. 1600 жасөспірімде тегін балмұздақ таратылды.
