11
Сәуір

Қанат Сұлтанұлы Ибраев «Атамекен» ҰКП Президиумы жанындағы өңдеуші өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып сайланды

11 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

Астаналық қалалық филиалдың ұжымы елордалық мәслихат депутаты, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының өкілі Ибраев Қанат Сұлтанұлын «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы өңдеуші өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып сайлануымен шын жүректен құттықтайды!

Комитет жеңіл, химия, ағаш өңдеу, жиһаз, целлюлоза-қағаз, полиграфия және өңдеуші өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту мен қолдауға бағытталған мәселелерді жедел шешуге атсалысады.

Қанат Сұлтанұлына отандық өнеркәсіп игілігі жолындағы қызметінде толағай табыстар тілейміз!