17
Қазан

А.Перуашев: Қазіргі алмағайып заманда еліміз халыққа жағдай жасап жатыр – «Хабар-24»

17.10.2018.

«Хабар-24» телеарнасы

2018 жылғы республикалық бюджетке енгізілген түзетулер Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындай бастауға мүмкіндік береді.

            

Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл құжаттың маңызы өте зор және енді атқарушы органдар оны дұрыс іске асыра білу қажет. Атап айтар болсақ, осы жылға 'Бизнестің жол картасы' бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау үшін 5,6 млрд, агроөнеркәсіпті дамытуға 19 млрд және халықты қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Жалпы Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру және Жолдауда айтылған мақсаттар үшін тек ағымдағы жыл бойынша 84 млрд теңге қаржы қарастырылған.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір әлемде геосаяси жағдай ушығып тұр. Сауда санкциялары бар, тыңшыларға қатысты дүрбелең деген сияқты. Ал Қазақстан осы уақытта өз азаматтарына барынша жайлы жағдай жасауға тырысып жатыр. Мен бұл жерде Жолдау жөнінде айтып тұрмын. Біз кездері Швецияың экономикалық моделін социализмнің озы үлгісі десе, біздегі бүгінгі жағдайды модернизацияның озық үлгісі деуге болады.

Дереккөз: https://24.kz/kz/