Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында “Ақ жол” демпартиясының саяси бағдарламасын өзектілендіру бойынша «Aq jol cup 2022» республикалық дебаттар өтті.
Сайысқа партияның барлық филиалдарынан жалпы саны 17 жастар құрамасы қатысты.
Кілең «сен тұр, мен атайын» деген өрелі өрендер қатысқан дебатқа «Ақ жол» ҚДП Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Берік Дүйсембинов, Дания Еспаева, Мақсат Раманқұлов, Серік Ерубаев, белгілі алаштанушы Сұлтанхан Аққұлы секілді білікті әділқазы алқасы төрелік етті.
Дебатқа қатысқан жастар партияның саяси бағдарламасына сай 5 тақырып бойынша өзара мықтыны анықтасты:
- тәуелсіздік пен Алаш идеясы
- нарықтық экономика мен бизнесті қолдау
- демократия мен парламентаризм
- жемқорлықпен күрес және де-офшоризация
- әлеуметтік әділділік пен халықтың өмір сапасын арттыру.
Ақтық кезеңге 17 құраманың 5-і өтіп, қазылар алқасы сол бесеудің арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтады.
Нәтижесінде:
1-орын: Шымкент
2-орын: Қарағанды
3-орын: Маңғыстау қалаларының құрамалары иемденді.
Ал, дебатта «үздік спикерлер» аталымы бойынша БҚО құрамасының мүшесі Нұрлан Арман, Атыраудан келген Аманжолова Марина мен Шымкенттік Беспаев Ақан суырылып алға шықты.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
Марапаттау рәсімі аяқталған соң, караокеде жастармен бірге ән айтып, жиналғандардың сұрақтарына жауап бердік.