16
Шілде

“AQ JOL JUNIOR CUP 2024 QONAEV” пікірсайыс турнирі

16 шілде 2024 жыл, Алматы облыстық филиалы

Алматы облысы, Қонаев қаласында “Ақ жол” партиясының Алматы облыстық филиалының және партияның Жастар қанатының ұйымдастырумен жастар арасында “AQ JOL JUNIOR CUP 2024 QONAEV” пікірсайыс турнирі өтті.

Үздік команда аттануға 60 астам студенттер қатысты. Турнир екі форматта өтті (БП мен АПФ) және екі кезеңге бөлінген (іріктеу мен плэйофф ойындары).

Турнирдің соңына 4 фракция жетті, жүлделі орындарға “Ақ жол” партиясының Алматы облыстық филиалы атынан сыйақы берілді:

1. “Тәуелсіздік үшін”: Бақытбек Ақбота/Оқан Асыл - 100 мың теңге;

2. “Рух” фракциясы: Қойшиева Арайлым/Үсенбай Алуа - 70 мың теңге;

3. “Президент” Рахимбердиева Айша/Табынбаева Нұрдана - 50 мың теңге;

4. “ESEP” Зайдуллаева Арайлым/Қуанышбек Бекжан - 30 мың теңге.

Кеш сонында Алматы облыстық филиалдың төрайымы Мейраш Қалиқызы және Алматы қалалық филиалдың төраға кеңесшісі Алтай Рахат барлық қатысушыларды дебаттың сәтті аяқталуымен құттықтады.

“Ақ жол” партиясының Жастар қанаты атынан Алматы облыстық филиалдың төрайымы Мейраш Қалиқызына, Алматы облыстық филиалдың төрайым орынбасары Абзалбек Сағымбекұлына және Алматы облысының Мәсліхат депутаты, Қонаев қаласының Қоғамдық кеңес төрағасы Сергей Горянойға қонақжайлығынызға, турнирдің жоғарғы деңгейде өтуіне алғыс білдіреміз.