19 шілде
2024 жыл, Түркістан облыстық филиалы
“Ақ жол”
партиясының Түркістан облыстық филиалы
және партияның Жастар қанаты ұйымдастырумен Түркістан қаласының
студенттер арасында дебат турнирін өткізді.
Жартылай финалға 4 студент іріктеліп,
өзара пікірталасқа түсті.
Жүлделі үшінші орынды анықтау үшін Сағи
Қанжігіт пен Рахымжан Есбалта
“Сайлау кезінде өзін-өзі ұсыну,
партиялық тізім арқылы ұсынылғанға қарағанда дұрыс деп есептейді” тақырыбында
таласқа түсті. Төрешілер Сағи Қанжігіттің айтқан ойлары нақты, әрі ұсыныстары
ұтымды екенін ескеріп, жүлделі ІІІ орынды табыстады.
Финалда
“Ақжол партиясының басқа партиялардан ерекшелігі” тақырыпта ойларын
ортаға салды. Төрешілер Динара Жалғасованың сөз-саптауы мен ұсыныстарының
өзгешелігін атап өтіп, жүлделі І орынға лайық деп таныды. Қарсы пікір айтқан
Арайлым Смағұлға жүлделі ІІ орын бұйырды.
Сонымен, төрешілер құрамы (Түркістан
облыстық филиал төрағасының орынбасары Нұржан Есенбаев, Түркістан қалалық
мәслихат депутаты Ардақ Мансұров және партияның Жастар кеңесінің төрағасы Ханза
Насурллаев) “AQ JOL JUNIOR CUP 2024 TURKISTAN” дебаттық турнирдің жеңімпаздарын
келесідей марапаттады:
- 1 орын Динара Жалғасова (70 мың теңге);
- 2 орын Арай Смағұл (50 мың теңге);
- 3 орын Сағи Қанжігіт (30 мың теңге).
Айта кетейік, жастар арасындағы дебат Алматы қаласынан бастау алып,
Шымкентте, Тараз, Алматы облысында, Түркістан қаласында жалғасты.