2 желтоқсан 2024 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облысы "Ақ жол" Демократиялық партиясы филиалы төрағасының
орынбасары Иманжапар Мұрат Тлегенұлы Шәкәрім университетінің студенті Акабай
Мадинамен ерекше кездесу өткізді.
Кездесудің басты тақырыбы – "AQ JOL VIDEO AWARDS 2024" байқауының
мақсаты мен шарттары. Барлық
сұрақтарға нақты жауап беріліп, студенттің ұсыныстары тыңдалды. Сонымен қатар,
сауалнама жүргізіліп, жастардың пікірлері мен ойлары талқыланды.
Кездесу барысында Алаш Орда үкіметінің
тарихи маңызы мен олардың тәуелсіздік жолындағы күресі жайлы маңызды мәліметтер
талқыланып, ұлттық мұраның тереңдігіне үңілді. Бұл әңгіме жастарды
шабыттандырып, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.
"Ақ жол" Демократиялық партиясы
– жастарды қолдау мен ұлттық идеологияны насихаттаудың жарқын үлгісі!