«Ақ жол»: Әкімдердің жауапсыздығынан халық зардап шекпеуі тиіс
6 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу қажет. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді.
- «Көктем әрдайым күтпеген жерден келіп, қар да кенеттен еритін секілді. БҚО мен Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан адамдар жеке мүліктерін жоғалтып, үйлер мен әлеуметтік нысандар құлады; автожолдар шайылып кетті, бірқатар ауылдар қатынассыз қалды. Кейбір жағдайларда жергілікті органдардың кінәсі бар екені байқалады, бірақ адамдар үлкен шығынға ұшырауда. Үкімет резервінен зардап шеккен халыққа қажетті көмекті қарастыруларыңызды сұраймыз», - деп атап өтті Перуашев.