14
Мамыр

"Ақ жол" депутаттары Б.Дүйсембинов пен А. Жұмабаева ШҚО Жарма ауданының тұрғындарымен кездесті

13 мамыр 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының ШҚО филиалы

Мәжіліс депутаттары, "Ақ жол" фракциясының мүшелері Берік Дүйсембинов пен Айгүл Жұмабаева Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында Жарма ауданының Қалбатау кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аудандық мәдениет үйінде алдағы саяси реформалар, ҚР Конституциясына түзетулер талқыланды.

Мәжіліс депутаттары кездесуге қатысушыларды негізгі заңға енгізілген негізгі өзгерістермен таныстырып, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.